Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихаттың заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Ф.Штергер) жүктелсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 438 шешіміне қосымша
Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары
1-тарау. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі
1. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесiн тегiн бөледi. 2. Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.
2-тарау. Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі
3. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болу фактісін тіркейтін органдар берген қайтыс болу туралы куәлік ұсынылғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі. 4. Әрбір жерлеу зират қорымының әкімшілігі жүргізетін, мынадай мәліметтерді: жерлеу жылын, айын, күнін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|