«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, әскери-медициналық мекемелерін медициналық техникамен және мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 609 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, әскери-медициналық мекемелерін медициналық техникамен және мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 609 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12831 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|