«Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып жаңа редакцияда жазылсын: «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеде: тақырып жаңа редакцияда жазылсын: «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже»; 1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|