ҚР СТ СТБ 1792-2009
СТБ 1792-2007 «Люминесценттік шамдарға арналған іске қосу-реттеу аппараттары. Энергия тұтыну тиімділігі», IDT
Мазмұны
5. Шам - ІРА тізбегінің ең жоғарғы тұтынылатын қуаттылығын анықтау 6. Құжаттамаға қойылатын қосымша талаптар
Осы стандарт желіден қорек алатын люминесценттік шамдарға (бұдан әрі - шамдар) арналған іске қосу-реттеу аппараттарына (бұдан әрі ІРА) таралады. Осы стандарт ІРА жіктеуді, сондай-ақ ІРА тізбегінің ең жоғарғы тұтынылатын қуатының нормаларын - ІРА энергия тұтыну тиімділігін анықтайтын IPА әрбір санатына арналған шамды белгілейді. Осы стандарт: - шамның ішіне салынған ІРА; - жиһаз ішіне қоса салынатын шамшырақтарға арналған және шамшырақтың ажырамас бөлігі болып табылатын және шамшырақтан бөлек сыналмайтын ІРА-на таралмайды (ГОСТ МЭК 920).
Осы стандартты қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттар қажет: ҚР СТ 1.9-2007 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасында халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын және басқа нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі. ГОСТ МЭК 920-2002 Түтік тәрізді люминесценттік шамдарға арналған іске қосу-реттеу аппараттары. Жалпы талаптар және қауіпсіздік талаптары. СТБ 1346-2002* Энергия үнемдеу. Жалпы ережелер.
ЕСКЕРТПЕ Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданысын ағымдағы жылдың жағдайы бойынша «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» жыл сайын басылып шығарылатын ақпараттық көрсеткіш және ағымдағы жылда жарияланған ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық көрсеткіш бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы стандартты басып шығару кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады. _______________________ * ҚР СТ 1.9 сәйкес қолданылады Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|