«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарында: «Кіріспе» деген бөлімде: бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Даму жоспарын әзірлеу кезінде: 1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрі - «Қазақстан-2050» стратегиясы); 2) Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 520 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарының; 4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары); 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - АӨК-ті дамыту тұжырымдамасы) мақсаттары мен міндеттері ескерілді.»; «1. Ағымдағы ахуалды талдау» деген бөлімде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|