«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Технопарктің қатысушысы ретінде тіркеу үшін өтінішті ұсыну, оны одан әрі Технопарктің қарауы, өтініштің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама Технопарктің интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беруші Технопарктің қатысушысы ретінде тіркелу үшін осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, технопаркке қатысуға арналған электрондық өтінішті (бұдан әрі – қатысуға өтініш) Технопарктің интернет-ресурсында толтырады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Қатысуға өтінішке қоса мынадай құжаттар тіркеледі: 1) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген қажетті мәліметтерді қамтитын жобаның (жобалардың) бизнес-жоспары; 2) салық органдарында есепке алынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алты еселенген мөлшерiнен аспайтын борыштардың болмауы (болуы) туралы Технопаркке қатысуға өтініш берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей берiлген мәлiметтер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|