Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін. 2. «Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № а-10/231 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 26301 болып тіркелген), «Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № а-10/231 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 6 маусымдағы № а-5/112 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8583-03 болып тіркелген) Жақсы ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы Жақсы аудандық бөлімінің басшысы Б.Балғынова 2025 жыл «»
«Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Коваленко 2025 жыл «»
2025 жылғы 18 маусымдағы № а-5/91 қаулысына 1 қосымша
Жақсы ауданының Жақсы ауылында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|