«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
Қабылданды - ҚР Президентінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 344 Жарлығын қараңыз
Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары; 2) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2016 жылғы
№
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы № Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|