«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Инвесторға: 1) инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі: технологиялық жабдықты және оның жинақтауыштарын импорттау кезінде инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ осы инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге кедендік баж салудан босату; инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін импорттау кезінде 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату; жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтер пайдалануға берілген күннен бастап осы инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде 5 (бес) жыл мерзімге кедендік баж салудан босату; инвестициялық келісімшартқа 4-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1 күнінен бастап қатарынан 5 (бес) жыл мерзімге шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|