ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыру, сондай-ақ елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың тұрмыс сапасын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар өз қызметінде осы Жарлықты басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын. 3. «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 21 ақпан
№ 812
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 812 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму ЖОСПАРЫ
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және бағалау 3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу 4-бөлім. Аумақтық дамудың пайымы, қағидаттары, тәсілдері мен бағыттары 5-бөлім. Өңірлерді дамытудың негізгі параметрлері 6-бөлім. Өңірлерді перспективалық дамыту схемалары 7-бөлім. Аумақтық даму жоспарын іске асыру тетіктері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|