Павлодар қаласы Павлодар ауылының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласы Павлодар ауылының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспар бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 73/10 шешімімен бекітілген
Павлодар қаласы Павлодар ауылының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспар
Осы Павлодар қаласы Павлодар ауылының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 173 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|