«Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне - Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын (бұдан әрі - Стратегия) іске асыру; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.»; 2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шараларына жүргізілген мониторинг және олардың орындалуын бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін.»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 5-жолдағы 4-бағанда «МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау)» деген сөздер «МҚІМ (жинақтау)» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|