Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Талдықорған қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 238 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 тіркелген, 2019 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. 2019-2021 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 39 509 208 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер 10 765 513 мың теңге; салықтық емес түсімдер 234 073 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 348 145 мың теңге; трансферттер түсімі 26 161 477 мың теңге, оның ішінде: аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтардың бюджеттерінен трансферттер 1 мың теңге; ағымдағы нысаналы трансферттер 10 246 097 мың теңге; нысаналы даму трансферттері 4 661 409 мың теңге; субвенциялар 11 253 970 мың теңге; 2) шығындар 38 794 221 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу -193 623 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 60 600 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 254 223 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) 908 610 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|