Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 109 Қаулысымен күші жойылды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 279 қаулысына 1-қосымша
«Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 319 «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» және «Микрокредиттерге кепілдік беру бойынша комиссия» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19338 болып тіркелген) бекітілген «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық. 3. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 4. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидия аудару туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|