Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 16-қосымша
Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (2017.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылауды, сондай-ақ торда өсірілетін күзендерді, ақтүлкілерді, түлкілерді, бұлғындарды, сасық күзендерді, жанат тәрізді иттерді және саз құндыздарын бонитирлеу (бағалау) кезіндегі зоотехниялық талаптарды белгілейді. 2. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді (бағалауды) бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді
3. Аңдарды бонитирлеу (бағалау) - олардың тұқымдылығына, түсінің реңкіне, мөлшері мен дене бітіміне, жалпы түсіне және жүн жамылғысының сапасына, сондай-ақ кейбір қосымша белгілеріне жеке баға беру. Бұл бағалар бойынша одан әрі асыл тұқымдық жұмыс, асыл тұқымды аңдарды жарамсыз деп белгілеу және іріктеу, жұптарды таңдау жүргізіледі. Қосымша белгілер тұқымға қалдырылатын аңдарда бағаланады. 4. Бонитирлеуге (бағалауға) асыл тұқымды ядроның бүкіл алдын ала іріктелген төлі және табынның репродуктивті бөлігі, сондай-ақ төл сапасы бойынша тексеруге жататын аталық пен аналықтардан алынған төл жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|