Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 558/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдары көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде; 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру (бұдан әрі - РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат); мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 «Байланыс саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11380 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының (бұдан әрі-өтінім) болуы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|