Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, әскери-медициналық мекемелерін медициналық техникамен және мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы (2021.28.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 22-бабының 2-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін медициналық техникамен және мүлікпен жабдықтау нормалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық мекемелерін медициналық техникамен және мүлікпен жабдықтау нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын; 3) ресми жариялағаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын; 4) медициналық техника мен мүлікті сатып алуды жоспарлы есептік кезеңге арналған республикалық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О. Сапаровқа жүктелсін. 4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Сұлтанов Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|