«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 227 Қаулысымен күші жойылды
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 101 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27995 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасы, 2-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына және 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдгінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 152 Қаулысына 1-қосымща
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы «29» сәуірдегі № 101 қаулысына 1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|