Осы редакция 2016 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 қаулысымен бекітілген
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»
1. Жалпы ережелер
1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызметтің қорытындысын беру қызмет берушімен жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерлік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабы. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініш болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекетінің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|