«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімде: «Төсбелгілер» деген кіші бөлімде: 2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын; 7-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) «І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы»;»; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі - сипаттамалар)» деген 2-бөлімде: «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің төсбелгісі» деген кіші бөлімде: «I дәрежелі «Шахтер даңқы» (11-қосымша)», «II дәрежелі «Шахтер даңқы» (12-қосымша)» және «III дәрежелі «Шахтер даңқы» (13-қосымша)» деген тараулар алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің төсбелгісі» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы тараулармен толықтырылсын: «I дәрежелі «Шахтер даңқы» (47-6-қосымша) I дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметрі бойынша кертпесі бар алтын түстес металдан дайындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|