Ақсу қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 629/5 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. «Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ақсу қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 25 тамыздағы № 629/5 қаулысына қосымша
Ақсу қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|