Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына 6-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (2024.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді. 2. Осы стандарт тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша тәулік бойы (6 ай мерзімге дейін) немесе күндіз болуға (күніне екі сағаттан алты сағатқа дейін) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі - уақытша болу және тұру ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу және тұру ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптарды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын белгілейді. 3. Осы стандартта пайдаланылатын термин: тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны - Әлеуметтік кодексінің 133 бабының 2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарның бірлескен бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерінің (бұдан әрі - Критерийлер) негізінде айқындалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты тікелей құқық бұзушылықтан моральдық, дене және (немесе) мүліктік зиян келтірілген деп пайымдауға негіз бар жеке тұлға.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|