Осы редакция 2016 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 170/6 қаулысымен бекітілген
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды; анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі - ветеринариялық-санитариялық қорытынды). Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электрондық нысанда ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|