|
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы екінші кезеңдік баяндаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 435 Қаулысы
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 21 қарашада ратификациялаған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы екінші кезеңдік баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 435 қаулысымен бекітілген
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама
1. Әдіснама
1. Осы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама (бұдан әрі - баяндама) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің (бұдан әрі - пакт) 16 және 17-баптарына сәйкес ұсынылады. 2. Шолуда Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитеттің 2010 жылғы 3-21 мамыр кезеңінде өткен 44-сессиясында берілген қорытынды ескертпелерде берілген ұсынымдарды іске асыру нәтижелері баяндалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|