Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Уәлиханов ауданындық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі қоса берілген жоспары бекітілсін. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 16-14 с шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 қарашадағы № 3-23 с шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары
Солтүстік Қазақстан Уәлиханов ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес әзірленген. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалануды, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз етуді және жайылымдардың деградация процестерінің алдын алуды қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|