Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы (2023.11.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстыруға және таратуға жатады.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019.13.12. № 487 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.24.07. № 257 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына 1-қосымша
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды. 3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады. 4. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату саласындағы басқа да ұйымдар өкілдері қатарынан қалыптастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|