Осы редакция 2016 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 қаулысына 1-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 қаулысымен бекітілген
«Оралман мәртебесін беру»
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы, «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) Оралман мәртебесін алуға алғаш рет жүгінген жағдайда- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін беру туралы өтініш болып табылады. Әрбір рәсімде (іс-қимыл) мазмұны, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің кіріс бөлігі, оның орындау ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|