Текелі қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2024 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер 7 068 668 мың теңге: салықтық түсімдер 987 549 мың теңге; салықтық емес түсімдер 29 253 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 41 900 мың теңге; трансферттер түсімі 6 009 966 мың теңге; 2)шығындар 7 068 668 мың теңге; 3)таза бюджеттік кредиттеу 5 828 мың теңге: бюджеттік кредиттер 7 384 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 1 556 мың теңге; 4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге: қаржы активтерін сатып алу 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге; 5)бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 5 828 мың теңге; 6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 5 828 мың теңге: қарыздар түсімі 7 384 мың теңге; қарыздарды өтеу 1 556 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге. 2. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 21 260 мың теңге сомасында бекітілсін. 3. 2024 жылға арналған қала бюджетінде ауылдық округ бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде Рудничный ауылдық округ аппаратын ұстауға, санитария, жарықтандыру, абаттандыру мен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге. Көрсетілген трансферттерді ауылдық округ бюджетіне бөлу Текелі қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|