|
Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-126/2020 бұйрығы (2024.05.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.21.06. № 26 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.21.06. № 26 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.21.06. № 26 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсеілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|