|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) Тұжырымдаманы орындаудың аралық нәтижелерін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынсын.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында: «6.1. 2026 жылдың соңына қарайғы нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «6.1. 2026 жылдың соңына қарай нысаналы индикаторлар: орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі - ЖІӨ-дегі ЖҚҚ-ның 10,8%-ынан төмен емес; бәсекелестіктің дамуын тежейтін тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою - 2026 жылдың соңына қарай кемінде 54.»; «6.2. 2026 жылдың соңына қарай күтілетін нәтижелер»: 3) тармақша алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|