Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы (2020.26.02. берілген өзгерістермен)
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 92 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін. 2. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының: 1) «Субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 510 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4857 тіркелген, 2018 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған); 2) «Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» № 510 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 20 ақпанындағы № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5061 тіркелген, 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|