|
|
|
Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық қалай дамып келеді?
Татьяна Зинович, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) директорының орынбасары
Қазақстан әлемдік элита ортасы ретінде танылған, дүние жүзінің недәуір дамыған және демократиялық елінен құралатын, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60% жуығын бақылап отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына толық мүше болуға ұмтылып келеді. Елбасы ЭЫДҰ стандарттары Қазақстан стандарттарына айналуы керек дегенді бірнеше рет айтқан. http://www.zakon.kz/4597049-kazakhstan-vnedrit-standarty-stran.html 2015 жылдан бері Қазақстанда ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастықтың елдік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, оның аясында ЭЫДҰ сарапшылары басым салалардың қазіргі жай-күйін зерттеп, оларды ЭЫДҰ стандарттарына және ұйымға мүше елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесіне жақындату жөнінде ұсыныстар айтып келеді. Басым салалар - мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, еңбекпен қамту мен әлеуметтік интеграция; білім беру және біліктілікті арттыру; бәсекеге қабілеттіклік пен бизнес ахуал; статистика; салааралық қызмет. Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы серіктестіктің тағы бір стратегиялық маңызды саласы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Қазақстан - ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісінің мүшесі. Бұл - Шығыс Европа және Орталық Азия елдері үшін арнайы әзірленіп, жасалған бағдарлама. 1998 жылы негізі қаланған ЭЫДҰ Шығыс Европа мен Орталық Азия елдеріне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісінің негізгі мақсаты - ұйымға мүше елдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу ісінде қолдау көрсету, ақпарат алмасу, жақсы тәжірибе әзірлеу және өңірлік кездесулер мен семинарлар, өзара оқыту және арнаулы тақырыптық жобалар түріндегі донорлық көмекті үйлестіру. ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісіне қатысушылар, оның ішінде Қазақстан да бар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына қол қойған. Стамбул жоспары - желі аясында 2003 жылы басталған өңірішілік өзара бағалау бағдарламасы. СІЖ (Стамбул іс-қимыл жоспары) Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжіктан, Украина және Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес реформаларына елдерге шолу және олардың БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына, өзге де халықаралық стандарттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдыңғы қатарлы тәжірибесін қолдау жөніндегі ұсыныстарды орындауын үздіксіз қадағалап отыру арқылы қолдау көрсетеді. Қазір Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсныстарын орындауын қадағалаудың төртінші кезеңі жүріп жатыр. ЭЫДҰ әрекеттер реті ұсыныстардың орындалуы туралы есепті үкімет қана емес, азаматтық қоғам беруін де көздейді. Осылайша, ЭЫДҰ үкімет есебін де, балама есепті де бағалайды… Қазақстандағы азаматтық қоғам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары ұсыныстары орындалуына балама мониторингті қалай жүргізіп жатқаны және оның нәтижелері қандай екені туралы Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) директорының орынбасары Татьяна Зиновичтен сұрадық: - Татьяна, ең алдымен, ЭЫДҰ-ға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес реформалары жөніндегі азаматтық қоғамның пікірі не үшін қажет және азаматық қоғамға балама мониторинг жүргізу неге керек? - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары ұсыныстары орындалуын бағалау жөніндегі азаматтық қоғамның балама пікірі - әдетте тым жағымды болып келетін үкіметтік есептерге түзету енгізу іспетті. ЭЫДҰ мониторинг тобы үшін бұл - реформаларға азаматтық қоғам тарапынан көз тастау, ал Қазақстандағы азаматтық қоғам үшін - күш біріктіре отырып, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларға тәуелсіз монторинг жүргізуге таптырмас мүмкіндік және зор тәжірибе. Айта кетерлігі, ЭЫДҰ әдіснамасы бойынша, азаматтық қоғам деген - үкіметтік емес ұйымдар ғана емес, сонымен қатар заңгерлер қауымдастықтары, тұтынушылар қауымдастықтары, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін ұйымдар, кәсіпкерлер, журналистер, ғалымдар қауымдастықтары, сондай-ақ, университеттер өкілдері мен зерттеушілер де. Біздің жұмысымыздың мәні - мониторинг сауалнамасына үкімет беретін жауаптармен қатар, үкіметтік емес сектор өкілдері тарапынан да жауаптар ұсынатынымызда. Содан кейін біз мониторинг тобы елімізге келгенде және мониторинг есептері талқыланып, қабылданатын ЭЫДҰ пленар мәжілістерінде олармен кездесеміз. Сондай-ақ, азаматтық қоғам содан кейінгі кездесулерде балама аралық есептер де бере алады. - Қазір Қазақстанда ЭЫДҰ-мен өзара ықпалдастық және ҚР мен ЭЫДҰ арасыдағы Елдік бағдарламаның жүзеге асырылуы жөнінде көп айтылып та, жазылып та жатыр. Ортақ қызметтің аралық қорытындысын шығаратын кез келген жоқ па? - Біз азаматтық қоғам ретінде Елдік бағдарламаның жүзеге асуына баға беруге құзырлы емеспіз, оны үкіметіміз және ЭЫДҰ жасауы керек. Тек, сол Елдік бағдарлама аясында қазірдің өзінде мемлекеттік басқару, инвестициялар және т.б. жөнінде өте жақсы шолу есептері ұсынылып жатқанын айта кеткім келеді. Ал ең бастысы - шолу да емес, ЭЫДҰ көптеген салалар - мемлекетті басқару тиімділігін арттыру, жоғары білімді реформалау, агромәдениет секторын, денсаулық сақтау мен әлеуметтік саясатты дамыту жөнінде беретін кеңестері. Дұрыс ендіріп, орындайтын болсақ, бұл кеңестер бізді ЭЫДҰ мүше елдердің өмір сүру стандарттарына жақындата түспек. Ал оған тек қуанып, тек ұмтыла беру керек! - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсыныстары қалай орындалып жатыр? - Ұсыныстардың орындалу деңгейін түрліше бағалаймыз. Еске сала кетейін, ЭЫДҰ Қазақстанға сыбайлас жемқорлыпен күрес саясаты, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік пен қоғамдағы бизнестегі және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде барлығы 19 ұсыныс берді. 2015 жылы ұсыныстардың көбі (12) бойынша ешқандай ілгерілеу байқалмаса, 2016 жылы 5 ұсыныс бойынша жақсы ілгерілеу (шаралардың жартысынан көбі орындалған) және тағы 5 ұсыныс бойынша ілгерілеу жоқ екені байқалған. Яғни, Қазақстан Үкіметі ЭЫДҰ ұсыныстарын орындауға ұмтыла бастағанын байқап отырмыз. - Қай ұсыныстар орындалып, қайсысы орындалмады? Сіздіңше, Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсыныстарын орындамауының негізгі себебі неде? - Әзірге Қазақстан үшін 19 ұсыныс та күшінде. Ең жақсы ілгерілеу мемлекеттік қызметті реформалауға қатысты ұсыныстар бойынша жүріп жатқанын айта кеткім келеді (2015 жылы жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң, мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексі қабылданды, мемлекеттік органдардағы этика жөнінде өкілеттілер желісі құрылды, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алу, сыйлық қабылдау және т.б. бойынша нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп, қабылданды). Сондай-ақ, мемлекеттік бақылау мен аудитті реформалау да жоғары бағаланып отыр. Әзірге шашамыз келмей отырғаны - қоғамды оқыту және хабардар ету, осы салада түрлі және тұрақты түрде зерттеулер жүргізу. Тағы, елдегі мемлекеттік сатып алулар жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар толық орындалмай отыр. - Қазақстандағы жалпыға ортақ декларациялауды енгізу жөнінде пікіріңізді айтсаңыз. Журналистер саясаткерлер, депутаттар мен шенеуніктердің табысы туралы мәлімет ала алмайды. Былтыр жалпыға ортақ декларациялау 2020 жылға қалдырылды, демек, 2020 жылға дейін олардың табысы мен мүлік туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары үшін де, қоғам үшін де жабық болады. Қазақстандағы декларациялауды енгізу жөніндегі жағдай ЭЫДҰ стандарттары мен ұсыныстарына сай келе ме? - ЭЫДҰ стандарттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стартегиясының маңызды бөлігі ретінде мемлекеттік қызметшілер мен сайланатын тұлғалардың табысын, активтері мен шығындарын декларациялауды енгізуді көздейді. Қазір Қазақстанда осыған ұқсас жүйе бар, бірақ оның мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу емес, салық салу және сайланатын лауазымдарға үміткерлердің сәйкестігін тексеру. Айырмашылығы неде екенін түсіндіре кетейін. Деларациялау жүйесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралы ретінде жұмыс істеуі үшін, қоғамның декларациялардағы мәліметтерге қол жеткізуін, оларды тәуелсіз орган тексеруін және декларация берушілердің деректерді уақытылы ұсынбағаны немесе жасырғаны үшін жауапкершілігін күшейту қажет. Қазір болса, декларациялау мерзімін 2020 жылға ауыстыруға байланысты, декларациялардағы мәліметтер қызметтік құпия болып отыр. Сондықтан, әрине, мұндай жағдай ЭЫДҰ стандарттары мен принциптеріне сай келмейді, біз осыны балама есебімізде көрсетіп отырмыз. - Жақында ғана ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мемлекеттік сатып алу жүйесі - сыбайлас жемқорлық жайлаған салалардың бірі екенін мойындады. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңдардың өзгеруі, электронды сауда енгізілуі неліктен көмектеспей отыр? Мемлекеттік сатып алулар саласындағы бюджет қаражатының мақсаттан тыс пайдаланылу деңгейін өмендету үшін не істеу керек? - Иә, Қазақстанда мемлекеттік сатып алу қиындығы мен күрмеу көп салалардың бірі болып отыр. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңы үнемі өзгеріп отыратыны да, сатып алу процедурасының күрделеніп, электрон форматта өткізіле бастағаны да көмектеспей отыр. Біз балама есебімізде мұны да көрсетеміз. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң және заңға тәуелді актілерде сыбайлас жемқорлыққа ыңғай беретін осал тұстар көп. Оның үстіне, заңымызда мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауды электрон конкурс өткізу арқылы біртұтас оператор арқылы жүргізу жөніндегі жалпы ережелер бойынша ауытқулар көп. Заңның қолданыс аясынан ұлттық холдингтер мен олармен байланысты заңды тұлғалар тыс қалып отыр. Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы, мемлекеттік сатып алулар жоспары жөніндегі ақпаратқа қол жеткізу және процедуралардың сақталуы бойынша біршама қиындықтар бар. ЭЫДҰ мемлекеттік сатып алу саласын реформалау жөніндегі осы және басқа да ұсыныстары Қазақстанға жөнелтілді және жақын арада жүзеге асырылуға тиіс. . - Үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында қол қусырып қарап отыр деуге келмейді, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар бойынша өте көп қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ай сайын дерлік жоғары лауазымды шенеуніктер ұсталып жатады. Алайда, тұрмыстық деңгейде сыбайлас жемқорлық азаяр емес, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жемқорлық жайлап алған. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нені дұрыс істемей отыр? - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әмбебап шешім жоқ. Алайда, осы жолды жүріп өтіп, қазір рейтингтерде, ең алдымен, Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде көш бастап тұрған елдер қоғамда, бәрінен бұрын білім беру саласында реформалар жүргізген. Сарапшылардың ойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ғана оны азайтуға септігін тигізбек. - Қазақстан ЭЫДҰ толық мүшесі болып кіруге қаншалықты мүмкіндігі бар? Ол үшін қандай негізгі реформалар жүргізу керек? - Бұл ұзақ та қиын жол. Қанша дегенмен, ЭЫДҰ мүше елдер экономиканы, мемлекеттік басқаруды, білім беру мен денсалық сақтау салаларын дамыту бойынша да, әлеуметтік саясат, демократияландыру және адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөнінде де үлгі болуға лайық. Бұл біздің мемлекетіміз үшін өте жақсы бағыт. Алайда, толық мүше болу үшін тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ғана емес, сот жүйесінде де, саяси партиялар, БАҚ жүйелерінде де реформалар жүргіщу керек. Бұл демократиялық басқарудың дамуына барлық жағдай жасалуы үшін керек.
- Сұхбатыңызға рахмет! Ботагөз Сейдахметова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |