«Денсаулық сақтау 4.0» бағыты бойынша технологиялық құзыреттердің салалық орталығын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының 7. Жеке ғылыми-технологиялық және инновациялық базасын дамыту міндеттерін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярдың төрағалығымен өткен 2021 жылғы 26 ақпандағы кеңес хаттамасының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Денсаулық сақтау 4.0» технологиялық құзыреттердің салалық орталығы болып айқындалсын. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау 4.0» технологиялық құзыреттердің салалық орталығы туралы ереже бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2021 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде тартылатын ұлттық және халықаралық әріптестер мен әрбір кезең бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін көрсете отырып, 2021-2025 жылдарға арналған «Денсаулық сақтау 4.0» технологиялық құзыреттердің салалық орталығының жұмыс жоспарының жобасын әзірлесін және Министрлікке енгізсін. 4. Осы бұйрықтың 3-тармағының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғиниятқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 667 бұйрығына қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|