Ақтөбе қалалық мәслихатының «2016 - 2018 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 394 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - IV Бюджеттік кодексінің 106 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «2016 - 2018 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4693 санымен тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) № 394 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1 тармақтағы: 2) тармақшадағы: шығындар: «41 078 386» сандары «43 432 983,8» сандарымен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы: бюджет тапшылығы (профицитi): «1 312 050» сандары»-1 042 547,8» сандарымен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы: бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттiн пайдалану):»- 1 312 050» сандары «1 042 547,8» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде қарыздарды өтеу: «2 500 000» сандары «2 500 000,8» сандарымен ауыстырылсын. 2. Аталған шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редақцияда жазылсын. 3. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 17 ақпандағы № 419 шешіміне 1-қосымша
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 394 шешіміне 1-қосымша
2016 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|