Осы редакция 2018 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына 3-қосымша
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (2017.14.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.14.02. № 8 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.14.02. № 8 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы - жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені; 3) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|