Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 2402 20 900 0 коды бойынша - 2020 жылғы 1 қазаннан бастап, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 2403 99 900 9, 2402 20 100 0, 2402 90 000 0, 2402 10 000 0, 2403 11 000 0, 2403 19 100 0 және 3824 99 920 9 кодтары бойынша 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрыққа қосымша
Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|