Осы редакция 2019 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.27.01. № 39 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
10-қосымша
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге
мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.12.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділетмині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Әділет министрінің 2017.21.06. № 766 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: