|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 609 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы Гонконг қалалық университеті арасындағы келісім
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы 010000, Мәңгілік Ел даңғылы, 8., Министрліктер Үйі 11-ші кіреберіс), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (бұдан әрі - Сәтбаев университеті), (мекенжайы: Қазақстан Республикасы Алматы қаласы 050013, Сәтбаев көшесі, 22 а) және Гонконг қалалық университеті (бұдан әрі - «CityU»), (мекен-жайы Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы Коулун, Тат Чи даңғылы, 83) және Сәтбаев университеті мен CityU университеті әрқайсысы «Тарап» және бірлесіп «Тараптар» деп аталады, жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюға ортақ ниетпен жасалған; және ынтымақтастық өзара түсіністікті нығайту үшін Тараптар және олардың тиісті елдері құнды екеніне сенім білдіре отырып; осыған орай төмендегілер туралы келісті:
A. Келісімнің мақсаты
Осы Келісімнің мақсаты CityU мен Сәтбаев университеті арасындағы ынтымақтастық қатынастарын орнату, екі университеттің өзара пайдасы үшін мынадай салаларды зерделеу болып табылады: 1. Қазақстаннан жоғары білікті мамандарды даярлау үшін Тараптар Сәтбаев университетінде («CityU институты») CityU орталығын, институтын немесе мектебін құрудың орындылығын зерделеп, мынадай мақсаттарды талдайды: 1) Бірлесіп әзірленген оқу бағдарламасына және оқытудың нақты моделіне сәйкес, мысалы, модельдері бар қос диплом бағдарламасына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау «3 + 1 + 1» немесе «4 + 1», инженерия және жасанды интеллект сияқты пәнаралық салаларда жоғары білікті мамандар даярлау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|