Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы (2023.25.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістеме бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 8 маусымдағы № 186 бұйрығымен бекітілген
Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық топырақ карталарын жасау кезінде қолданылады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023.03.03. № 81 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) географиялық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ГАЖ) – Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|