Жергілікті атқарушы орган өсімдік шаруашылығы саласындағы өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамының қажеттi ақпарат пен құжаттарды ұсыну нысандары мен мерзiмдерiн орнату туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 1-1792 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жергілікті атқарушы орган өсімдік шаруашылығы саласындағы өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамының қажеттi ақпарат пен құжаттарды ұсыну нысандары мен мерзiмдерi 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес орнатылсын. 2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 1 маусымдағы № 102-837 қаулысына 1-қосымша
«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|