«Индустриалдық PhD» ғылыми кадрларын даярлау шеңберінде диссертациялық зерттеулерді қорғауға жіберу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес және ғылым және жоғары білім саласында «индустриалдық PhD» ғылыми кадрларын даярлау шеңберінде диссертациялық зерттеулерді қорғауға жіберу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда «индустриалдық PhD» ғылыми кадрларын даярлау шеңберінде диссертациялық зерттеулерді қорғауға жіберу бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы: 1) ғылым және жоғары білім саласында «индустриалдық PhD» ғылыми кадрларын даярлау шеңберінде диссертациялық зерттеулерді қорғауға жіберуге арналған талаптарды (мақалалар, патенттер, енгізу актілері) қолдану саласындағы халықаралық тәжірибелерге талдау жүргізсін; 2) жүргізілген талдау қорытындылары бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар мен толықтырулар енгізе отырып, «индустриалдық PhD» ғылыми кадрларын даярлау шеңберінде диссертациялық зерттеулерді қорғауға жіберу бойынша жұмыс алгоритмдерін пайдалану және іске асыру жөнінде анықтама берсін; 3) жүргізілген жұмыстың қорытындыларын 2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы А.Ж. Тойбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|