Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017.22.12. № 351 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентімен толықтырылды; Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.17.10. № 362 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 40 Қаулысымен күші жойылды
«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті (2019.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешімнің көшірмесі (бұдан әрі - бұйрық жобасы) немесе 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне тіркелген нөмірі 11276) (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|