Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы (2019.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 274-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.24.04. № 123 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері белгіленсін. 2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|