18-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезіндегі өзара іс-қимылы 1. Білім беру жинақтау салымы арқылы білім беру қызметтеріне ақы төлеу салымшының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесі ұсынылған кезде қатысушы банк бір жұмыс күні ішінде қаражатты білім беру жинақтау салымынан білім беру ұйымының банк шотына аударады. 2. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде, салымшы үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкке және операторға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 1) салымшының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкті және операторды хабардар етеді; 2) салымшының немесе қатысушы банктің талап етуі бойынша қажет болып тұрған академиялық кезеңдегі оқу құны немесе анықтама берілетін күнгі оқудың толық құны туралы анықтама береді; 3) оператордың сұрау салуы бойынша білім беру ұйымында білім алатын салымшы туралы қажетті мәліметтерді ұсынады; 4) салымшы басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде, қабылдайтын білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл жөнінде операторды үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Білім беру ұйымы салымшының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығы болып табылады.
19-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiн мемлекеттік қолдау 1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру жинақтау салымы жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады. 2. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi шеңберінде салымшы білім беру кредитін жеңілдетілген шарттармен алуға өтініш білдіруге құқылы. Білім беру кредиті қарыз алушыға жинақталған сома оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кем дегенде елу пайызы мөлшерін құраған кезде білім беру ұйымында оқу құнының ұлғаю сомасына оны түзету мүмкіндігімен қалған сомаға кредитордың кредиттік желі ашуы арқылы мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қаңтардың 14-і. № 67-V
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамасы3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары4-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті5-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері6-бап. Оператордың функциялары 2-тарау. САЛЫМ ШАРТЫ7-бап. Салым шарты8-бап. Салым шартының талаптары9-бап. Салым шартын тіркеу10-бап. Қатысушы банк сыйақысы11-бап. Білім беру жинақтау салымына иелік ету 3-тарау. МЕМЛЕКЕТ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ЕСЕПКЕ ЖАЗУ, ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ12-бап. Мемлекет сыйлықақысы13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері14-бап. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтару 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім16-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың салым шартын жасасу және оның қолданылуы кезіндегі өзара іс-қимылы17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы18-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезіндегі өзара іс-қимылы 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |