|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
27.04.2023 Удобный функционал для таксистов и курьеров заработает в Казахстане
Комитет государственных доходов совместно с интернет-платформами реализует удобный функционал для таксистов и курьеров. Об этом сообщили в Пресс-службе КГД МФ РК. При оказании услуг такси или курьерской доставки обязательна уплата налогов и социальных платежей путем регистрации ИП, либо оформления в качестве работника. Эти требования не новы, но не всеми выполняются в силу разных причин, одной из которых мы видим неготовность к исполнению административных процедур, связанных с исполнением обязательств. Наиболее выгодным для налогоплательщика является применение режима на основе специального мобильного приложения «eSalyq Business», где уплачивается 1 процент подоходного налога плюс социальные платежи (пенсионные взносы, социальные отчисления и медицинское страхование). В связи с чем, для помощи в исполнении налоговых обязательств лицам, оказывающим услуги с использованием интернет-платформ, КГД запущен пилотный проект на основе налогового режима с использованием мобильного приложения «eSalyq Business». В рамках него регистрация ИП проходит непосредственно на интернет-платформе, оператором интернет платформы при выплате дохода удерживаются и уплачиваются причитающиеся налоги и социальные платежи, затем сведения автоматически передаются в КГД. Это полностью освобождает физическое лицо от каких-либо контактов с налоговыми органами и исключает ошибки в исчислении и уплате налогов. На сегодняшний день ведется работа с «Яндекс.такси» по настройке информационных систем, по завершении граждане смогут на добровольной основе присоединиться к пилотному проекту. Планируемая дата технической реализации пилотного проекта – 1 июля 2023 года.
Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционал іске қосылады
Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-платформалармен бірлесіп, такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционалды жүзеге асыруда. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі хабарлады. Такси немесе курьерлік жеткізу қызметтерін көрсету кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу немесе мекемеге (басқа кәсіпкерге) жалдамалы қызметкер ретінде рәсімдеу жолымен салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті. Бұл талаптар қазір пайда болған жоқ, бұрыннан бар, бірақ әр түрлі себептерге байланысты көп азаматтар орындамайды. Біздің ойымызша, себептердің бірі – міндеттемелерді орындауға байланысты әкімшілік рәсімдерді орындауға дайын еместігі. Салық төлеуші үшін ең тиімдісі – «eSalyq Business» арнайы мобильді қосымша негізіндегі салық режимін қолдану. Себебі, 1 пайыздық ставкамен табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) төлеу қажет. Осыған байланысты, интернет-платформаларды пайдалана отырып, қызмет көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті «eSalyq Business» мобильді қосымшасын пайдалана отырып жүргізілетін салық режимі негізінде пилоттық жобаны іске қосуда. Оның шеңберінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тікелей интернет-платформада өтеді, интернет-платформа операторы табысын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстайды және төлейді, содан кейін мәліметтер автоматты түрде МКК-ға беріледі. Бұл жеке тұлға салық органдарына бармай-ақ, салық міндеттемесін орындайды, ал салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктер жойылады. Бүгінгі күні ақпараттық жүйелерді баптау бойынша «Яндекс.такси»-мен жұмыс жүргізілуде, жұмыстар аяқталғаннан кейін азаматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады. Техникалық жүзеге асырудың жоспарланған уақыты – 2023 жылдың 1 шілдесі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |