Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы
ҚР 2022 жылғы 17 наурыздағы № 111-VII Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың және 2013 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаттарын, одақтастық және стратегиялық әріптестік, мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шекаралардың мызғымастығы, дауларды бейбіт жолмен реттеу және күш немесе күшпен қауіп төндіруді қолданбау, тең құқықтық және ішкі істерге араласпау, міндеттемелер мен халықаралық құқық нормаларын адал орындау қағидаттарын ұстана отырып, жан-жақты әріптестік қатынастарын және стратегиялық өзара іс-қимылды дамыту бағытын ұстанатынын білдіре отырып, өзара құрмет және бір-бірінің мүдделерін ескеру негізінде әскери ынтымақтастықты нығайту мен дамытудағы өзара мүдделілікті тани отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Шарттың мақсаттары Тараптар арасындағы әскери ынтымақтастықты жүзеге асыру және дамыту болып табылады.
Тараптардың осы Шартты іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі болып табылады. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Тараптар әскери ынтымақтастықты мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады: Тараптардың бірі өтініш жасаған жағдайда Тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерлерді (күштерді) қолдануды бірлесіп жоспарлау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|