«Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. 2. «Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 4721 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5260 тіркелген, 2015 жылғы 16 желтоқсандағы № 98-99 «Ақмешіт ақшамы» газетінде, 2015 жылғы 16 желтоқсандағы № 50 «Кызылорда Таймс» газетінде және 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 29 сәуірдегі № 5282 қаулысына қосымша
«Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. «Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. 2. «Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады. 3. «Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|