«Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 242 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ТЕБ); 2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да жүзеге асырылады.». 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»; 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) ТЕБ-ге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 90 минут; қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|