Прокуратура органдарына, ведомстволары мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларының 15-тармағына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдарына, ведомстволары мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтері бекітілсін. 2. Осы бұйрық облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, Құқық қорғау органдары академиясының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Шаруашылық басқармасының назарына жеткізілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментінің директорына жүктелсін. 4. Бас Прокурордың «Прокуратура органдарына, ведомстволары мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін бекіту туралы» 2017 жылғы 28 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2021 жылғы 18 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|