Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/495 қаулысымен бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № А-2/40 Қаулысымен күші жойылды
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің өтінішін қабылдау және нәтижесін беру: 1) «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады, ол мыналарды қамтиды: 1) жұмысқа орналасуға жолдама; 2) қоғамдық жұмыстарға жолдама; 3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жолдама; 4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама; 5) жастар тәжірибесіне жолдама; 6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету (бұдан әрі - жолдама). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|